Қаладағы белсенділікті нақты уақытта көріп отырыңыз.
Өз қалаңыздағы сұраныс деңгейін тексеріп көрдіңіз бе?
Қызу аймақтар картасы — курьерлер көптен күткен функциялардың бірі. Енді ол қолжетімді!
Жаңа функция
Онлайн уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз
Қаладағы Қызу аймақтар картасы әр 10 минут сайын жаңарып отырады және тапсырыстар ең көп түсетін аймақтарды нақты көрсетеді. Бұл онлайн режимде жұмыс істеу уақытыңызды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Бұл жаңартуға дейін сіз тек қала бойынша жалпы сұранысты ғана көре алатын едіңіз. Енді оң жақ жоғарғы бұрыштағы от бар батырманы басу арқылы жақындағы белсенді аймақтарды көре аласыз.
Егер тапсырысты күту уақытын азайтқыңыз келсе, қызу аймақтарға қарай бет алыңыз. Ал егер жалпы сұраныс деңгейі «төмен» болса, біраз уақыттан кейін қайта желіге шығуды ойластыруыңызға болады.
Деректерге негізделген жеткізулер
Қаладағы сұранысты түсініңіз
Wolt-та жеткізу — бұл икемді, жартылай жұмыс істейтін табыс көзі. Аптасына бірнеше сағат өз кестеңізге сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алдын ала жоспарлау және онлайн болған уақытыңызды тиімді пайдалану — табысты жұмыс істеудің кілті.
Мұнда нақты уақыттағы сұраныс туралы деректер үлкен рөл атқарады. Егер сіз желіге «қалыпты» немесе «жоғары» сұраныс кезінде шықсаңыз, келесі тапсырманы күту уақытыңыз едәуір қысқарады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қызу аймақтар картасы сіздің қалаңыздағы әр аймақта қанша тапсырыс түсіп жатқанын көрсетеді. Ал сіз картадан шыққан кезде бүкіл қала бойынша жалпы онлайн курьерлер мен нақты тапсырыстар арасындағы тепе-теңдікті көресіз. Сондықтан сіз белсенді аймақта болсаңыз да, жалпы статус “төмен” болып көрінуі мүмкін. Қала статусы қандай болса да, қызу аймақтар картасын ашып, нақты аймақтар бойынша жағдайды көру әрқашан пайдалы.
Картадағы от белгілері белгілі бір аймақта қанша тапсырыс түсіп жатқанын көрсетеді. Бұл сізге қайда және қашан жұмыс істеу тиімді екенін шешуге көмектеседі, бірақ бұл тапсырыс міндетті түрде түседі деген кепілдік емес. Егер қала статусы “төмен” болса, онда басқа курьерлер де осы қызу аймақтарға барып, тапсырма алуға тырысуы мүмкін.
Қызу аймақтар картасы тек бірнеше қызу аймақтары бар ірі қалаларда ғана қолжетімді. Егер қалада бір ғана негізгі белсенді аймақ болса, онда карта қосымша ақпарат бере қоймайды. Ондай жағдайда сол негізгі аймаққа бару – тапсырма алу мүмкіндігін арттырудың ең тиімді жолы. Қаладағы белсенді аймақтың қайда екенін білмесеңіз, әрқашан қолдау қызметінен сұрай аласыз.
Wolt бұл жаңартуларды не үшін енгізіп жатыр?
Әрбір жаңарту сіздердің пікірлеріңізге негізделіп жасалады. Басты бетке өтіп, курьерлермен байланыс жөніндегі топтың өкілі Мари осы жаңартулардың әрқайсысы қандай мәселелерді шешуге бағытталғанын түсіндіретін бейнежазбаны қарап көріңіз.